Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүндет Байғожин қызметінен босатылды: Филармонияда тексерулер басталды

Жарияланған күні:

Сүндет Байғожин әріптестерімен бірге
Фото: instagram.com/sundetbaigozhin

Әлемге әйгілі опера әншісі Сүндет Байғожин Қостанай қаласындағы филармония директоры қызметінен босатылғаннан кейін мекемеде тексерулер басталды. Тексеру жұмыстарын облыстық мәдениет басқармасының ішкі аудит қызметі мен аймақ әкімі аппараты жүргізуде. Бұл туралы басқарма басшысы Ерлан Қалмақов мәлімдеді деп жазады "Наш Костанай".

Мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, олар дау-дамай басталмас бұрын филармонияда ішкі тексеру жүргізбек болған, ал жанжал туындағаннан кейін үдеріс жеделдетіле түскен. Қостанай облысының басшысына облыс әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінен өзге инспекторларды тарту туралы өтінішпен хат жіберілді. Өтініш қанағаттандырылды дейді Ерлан Қалмақов. Аудиторлар бірлесе жұмыс істеуде.

"Қазіргі жағдайда біз үшін сыртқы көзқарас маңызды. Сүндет Байғожиннің оралуына келетін болсақ, қазір қайтып оралу туралы мәселе туындамайтынын бәріміз ересек адамдар ретінде жақсы түсінеміз. Жұмыс кезінде одан қандай да бір шағымдар келіп түсті ме? Шағымдар болған жоқ. Ол журналистерге сұхбат беріп, көпшілік алдында есімдерді атап, сыбайлас жемқорлық фактілерін келтіргеннен кейін мен оның барлығын жазбаша түрде жазып, маған беруін өтіндім, бірақ Сүндет Әбдірахманұлынан ештеңе келмеді", - деп атап өтті мәдениет басқармасының басшысы.

Оның пікірінше, аудиторлық тексерудің нәтижелеріне дейін заңбұзушылықтар туралы айту ерте. Олар жарияланғаннан кейін заңдық баға беріледі.

"Жаңа директорды тағайындауға қатысты мәселе талқылануда, пысықталуда және, мүмкін, бұл лауазымға конкурстық негізде тағайындау жасалынатын болады. Бүгінде филармония басшысының уақытша міндеттерін атқарушы - Зухра Иманова", - деп түсіндірді Ерлан Қалмақов.

Басылым 26 наурызда Сүндет Байғожиннің қызметке оралуын талап еткен өнерпаздардың бастамашыл тобы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездескісі келгенін атап өтті. Алайда, карантинге байланысты аймақ басшысы мұндай кездесулерді тек онлайн режимінде өткізетінін және олардың тізімге енгізілгені мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әртістер жұмыстан шығарылған Сүндет Байғожинді қайтаруды талап еткен еді. Олардың пікірінше, экс-директор өз еркімен арыз жазуға мәжбүр болды. Опера әншісінің өзі журналистерге мекемеде дау-дамай туындағанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905112-sundet-baigozin-qyzmetinen-bosatylgannan-keiin-filarmoniyada-tekseruler-bastaldy/