Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында адам жейтін аса қауіпті жануардың жүргені рас па

Опубликовано:

Жануар
Фото: stopfake.kz

Қазақстандықтар мессенджерлер арқылы адамдарға шабуылдап жатқан аса қауіпті жануар туралы хабар таратуда. Айғақ ретінде аузы қанға боялған, ит тәрізді аңның суретін жіберіп жатыр деп хабарлайды Stopfake.kz.

Порталдың жазуынша, Түркістан облысында адамдарға шабуылдайтын аса қауіпті жануардың жүргені туралы хабар What’sApp мессенджері арқылы таралған.

Аудиохабарламада белгісіз мақұлықтың Сарыағаш, Жетісай және Шымкент қалаларының маңында жүргені айтылған. Ер адамның дауысы жануардың адам жейтінін айтып, тұрғындарды аса сақ болуға шақырған.

Алайда Түркістан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл фейк. Өңірлер бұл хабардың оларға қатысы жоқ екенін растады", – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ Stopfake.kz қазақстандықтар таратып жатқан аңның қоңыр гиена екенін атап өтті. Бұл жануарлар Оңтүстік Африка жағалауларында шөлді аймақтарда мекендейді және теңізге жақын жүреді. Қоңыр гиеналар жемтікпен және теңіз қалдықтарымен қоректенеді. Қазақстанда қоңыр гиеналар тіршілік етпейді.

Айта кетсек, дәл осы жануардың суреті Үндістан, Пәкістан және Латын Америка елдерінде кеңінен таралған екен.

Мақұлық
Фото: stopfake.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысындағы гинеколог дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинадан қайтыс болды деген ақпарат пайда болған еді.

Әйел жұмыс істеген аурухана бұл ақпаратқа пікір білдіріп, мәліметті жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905288-turkistan-oblysynda-adam-zeitin-asa-qauipti-zanuardyn-zurgeni-ras-pa/

pixel