Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алкогольді көп ішіп, коронавирустан қорғануға бола ма

Опубликовано:

Алкоголь
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметті желіде коронавирустан қорғану үшін алкогольді көп ішу керек деген ақпарат пайда болды. Алайда бұған ешқандай ғылыми дәлел жоқ деп хабарлайды Stopfake.kz.

Хабарлама Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған. Жазба авторының сөзінше, сыра, шарап және спирттік тұнбалар мен бальзамдар ауруға қарсы тұруға көмектеседі.

Аурудың алдын алудың бұл әдісін жақтаушылар ғалымдар алкогольдің вирустарды өлтіре алатын қабілетін дәлелдегенін де айтуда.

Stopfake.kz-тің жазуынша, шындығында, бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген. Алкоголь ағзаны іштен "зарарсыздандырады", барлық вирустарды өлтіреді деген миф бұрыннан бар және ол бірнеше рет теріске шығарылған.

Басылым құрамында алкоголі бар заттардың вирустарға және SARS-CoV-2 коронавирусына әсері туралы зерттеулер бар екенін айтады. Алайда ол алкогольді ішуге емес, қол мен заттардың бетін зарарсыздандыру үшін ғана қолдануға қатысты.

Айта кетейік, ДДСҰ сайтында жарияланған матераилда да COVID-19-бен күрес аясында алкоголь ішудің пайдасы туралы миф жоққа шығарылған. Сарапшылар құрамында спирт бар ерітінділердің тек дезинфекциялау үшін ғана тиімді екенін атап өткен.

Сондай-ақ өздерін вирустан қорғау үшін контрфактілі өнім тұтынған адамдардың уланып, қайтыс болған жағдайлар да тіркелген.

Ғалымдар алкогольді шамадан тыс тұтыну денсаулыққа, оның ішінде иммундық жүйеге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екендігін айтады. Осылайша, вирус жұққанда ағза оған төтеп бере алмауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905298-alkogoldi-kop-isip-koronavirustan-qorganuga-bola-ma/

pixel