Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат депутаты әлеуметтік желілер туралы заң қабылдауды ұсынды

Опубликовано:

әлжелі вконтакте
Көрнекі фото: pixabay.com

"Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі" тақырыбына арналған парламент тыңдауы кезінде сенатор Бақытжан Жұмағұлов әлеуметтік желілер туралы заң қабылдауды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Коронавирус індеті кезінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса жағымсыз идеологиялық "вирустар" да тарала бастады. Жалған ақпараттар сол "вирусты" әлеуметтік желілер арқылы шұғыл таратып жібереді. Сондықтан әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау қажет деп білеміз", - дейді Бақытжан Жұмағұлов.

Депутаттың айтуынша, жаңа заң сөз бостандығын шектеу үшін емес, әлеуметтік желі жүйесін заңнама тұрғысынан реттеу үшін және құрылтайшылардың заң алдындағы жауапкершілігін көтеру үшін қажет.

"Жаһандану кезінде кейбір жастар шетелдік жағымсыз құндылықтар ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Мәжбүрліктен емес, сананың улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Осылайша жаһандық конгнитивті технология бұқаралық санаға әсер ету құралына айналып отыр", - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері жекенің меншігіне емес, мемлекетке тиесілі болуы керек деп мәлімдеме жасаған еді.

"Жер мәселесіне қатысты менің жеке пікірім: Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тек мемлекеттің құзырында болуы керек", - дейді сенатор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905321-senat-deputaty-aleumettik-zeliler-turaly-zan-qabyldaudy-usyndy/

pixel