Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жартылай жалаңаш балконға шығарды": Елорда тұрғыны бұрынғы күйеуінен аяусыз таяқ жегенін айтты

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елорда тұрғыны ажырасқан соң бұрынғы күйеуінен тағы жәбір көргенін жайып салды. Айтуынша, бұрынғы жары ұлының туған күніне келіп, түнде соққыға жыққан деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігі.

Ол болған оқиға жайлы Instagram желісінде баяндады.

Келіншектің сөзінше, оны бұрынғы күйеуі біраз уақыттан бері ұрып-соғып келген, ол 2020 жылы ажырасуға бел буған.

Бірақ күйеуі құжатқа қол қоюдан бас тартып, тек алты сот отырысынан кейін ғана ажырасу мүмкін болған. Аиданың айтуынша, күйеуі ресми түрде ажырасса да, қорқытуын тоқтатпаған.

"15 наурыз күні ұлымыздан туған күнінде ол баласымен уақыт өткізгісі келді. Сөзі дұрыс болғандықтан сендім. Ал 19 наурызда мені тағы ұрды. Түнде екі сағат бойы тоқтаусыз ұрды. Соққылар аяқпен де қолмен де жасалды. Жартылай жалаңаш балконға шығарып, үстіме салқын су құйды. Артынша дене жарақаттарын салуды жалғастыра берді. Екі жасар баламды оятпас үшін айғайламадым, тек қорғана бердім.

Сол түні бірнеше рет есімді жоғалттым, себебі соққылар басыма тиген еді. Оған қоса, ол ішімдік ішіп, одан сайын агрессивті болып кетті. Бұл сұмдық ешқашан бітпейді деп ойладым", - дейді Аида.

Аида таңертең аязға қарамастан, тек халатпен үйден қашып кеткен. Ол жалаң аяқ туыстарының үйіне қарай жүгірген. Кейінірек оны жедел жәрдем алып алып кетіп, ауруханаға жеткізген. Онда келіншекке алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, полицейлер арызын қабылдаған.

"Қазіргі уақытта арызым Есіл полиция басқармасында. Маған қазір істі соңына дейін жеткізу үшін психологиялық көмек пен моральдық қолдау қажет. Мен әлі де өзімді қорғансыз сезінемін, өз өмірім үшін қорқамын. Осыған байланысты, мен ресми және бейресми құрылымдарға жүгініп, көмек сұраймын", - дейді ол.

1
Фото: Newtimes.kz

Аталған жайтқа қатысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті пікір білдірді. Құзырлы орган 23 жастағы келіншек бұрынғы күйеуіне қатысты арызды Есіл аудандық полиция басқармасына 20 наурыз күні бергенін хабарлады.

"24 жастағы азаматтың отбасылық жанжал барысында оны ұрып-соққаны анықталды. Сот-медициналық сараптама нәтижелері оның жеңіл дәрежеде жарақат алғанын көрсетті. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды",- дейді ведомстводан.

Одан бөлек, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ер адамға онымен байланысқа шығуға тыйым салынған. Құқыққорғаушылар кінәлі азамат заң бойынша жауапқа тартылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905322-zartylai-zalanas-balkonga-sygardy-elordada-turnygy-buryngy-kuieui-korgen-qorlygyn-zaiyp-saldy/

pixel