Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованың өлімі: Белгілі заңгер адам органын сататын "қара базарлар" туралы айтты

Опубликовано:

Айгүл Орынбек
Фото: Айгүл Орынбектің Instagram парақшасынан

Отандық белгілі заңгер Айгүл Орынбек Facebook парақшасында Қазақстанда адам органын сататын "қара базарларды" анықтап, рұқсатсыз алуға болатын заңды қайта қарау керектігін жазды. Ол мұндай тұжырымға 19 жастағы Аяжан Еділованың өлімінен кейін келгенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Орынбек елімізде адамның рұқсатынсыз органын алуға болатыны жайлы заң шығып жатқанда өзін ешкім тыңдамағынын алға тартады. Ол Аяжан Еділованың өлімі бәріне дабыл болу керектігін жеткізді.

Сондай-ақ заңгер марқұм қыздың өліміне күдікті ретінде танылып отырған жігітті ауытқуы бар деп көрсете салуы мүмкін екенін жазды.

"Адам органын сататын “қара базарды” анықтау керек! Адамның рұқсатынсыз органын алуға болатыны жайлы заң шығып жатқанда барынша шырылдап едім, ешкім тыңдамады! Бұл заң бізде былтыр ғана шықты. Аяжанның өлімі бұл бүкіл халыққа дабыл болу керек! Дені сау қызды шақырып алып, бөлшектеп тастағанды жігітті тек ауытқуы бар деп көрсете салуы әбден мүмкін, бірақ мен сенбеймін! Ол дәрігер мамандығын оқыған, маман! Бұл жігіт бір мүдделі топқа жұмыс жасауы әбден мүмкін", - деген болжам жасады заңгер.

Айгүл Орынбек Аяжанның туысының БАҚ-қа берген сұқбатын қайталап көріп, осындай тұжырымға келгенін айтады. Ол полицияға із-түзсіз жоғалғандарға назар аудару керектігін ескертті. Сондай-ақ заңгер адам органын сататын үлкен топ болуы мүмкін екенін алға тартты.

"Мен мұндай тұжырымға қайдан келдім, қыздың ағасының сұқбатын қайта-қайта көріп шықтым. “Ол жерде басқа адамның денесі болды, нақты қайсы екенін анықтай алмай жатыр”, деп айтты. Полиция соңғы кездерде еш хабарсыз жоғалып табылмағандарға да назар аудару керек! Полиция мен ҰҚК бірігіп жұмыс жасап адам органын сататын үлкен топты құрықтау керек! Қара базарда, интернетте бір бүйректің бағасы 80 мың доллар тұрады деп ашық жазылып жатқан заманда, адамды ұрлап әкетіп бөлшектей салады", - дейді заңгер.

Айгүл Орынбек осы жайттан соң Қазақстанда адам органынын рұқсатсыз алуға болады деген заңды қайта қарау керектігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905328-adam-organyn-satatyn-qara-bazardy-anyqtau-kerek-zanger-ayazan-edilovanyn-olimine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel