Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы: Вирус жоқ деп елге ақыл айтып жүргендер елдегі ахуалмен таныссын

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа сенбей, халыққа ақыл айтып жүрген танымал тұлғаларды сынап тастады. Инфекцияның таралуына аса қатты алаңдаулы ақпарат өкілі оларға елдегі ахуалмен жақынырақ танысуға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Онда ол індетке немқұрайлы қарап жүргендерге үндеу жасап, көпшілікті барынша сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, тележүргізуші соңғы кезде таныстарының арасында ауырып жатқандар көбейіп кеткенін айтты.

"Вакцина туралы бірдеңе деуге болмайды,әркімнің өз еркі, қалауы (әзірге), бірақ әлі күнге дейін "вирус жоқ" деп елге ақыл айтып жүрген танымал "тұлғалар" 1 тәулік ішіндегі елдегі ахуалмен жақынырақ таныссыншы. Дәл қазір менің таныстарымның ішінде ауырып жатқандар өте көп, өз отбасымызда да бар. Жағдай сіз ойлағаннан қайда ауыр, ресми, тексерілген ақпаратқа сенген дұрыс деп есептеймін. Маска, арақашықтық, антисептик" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 1663 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 244 981-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905497-laila-sultanqyzy-virus-zoq-dep-elge-aqyl-aityp-zurgender-eldegi-axualmen-tanyssynsy/

pixel