Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көшеде соңына түскен": Алматыда қаскөй бойжеткеннің үйіне баса-көктеп кіріп, мойынына пышақ тақаған (видео)

Опубликовано:

Шабуыл жасаған күдікті мен үйдің ішкі көрінісі
Фото: polisia.kz

Алматы полицейлері бойжеткенге пышақпен қауіп төндіріп, қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық ауданы Радостовец көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғынынан "102" пультіне 00.50-де шұғыл қоңырау түскен.

Шошынған әйел көршілес пәтерден көмек сұрап айқайлаған дауысты естігенін айтты.

"Біз көрсетілген пәтерге санаулы минуттарда жеттік. Есікті ашпастан, пәтер иесі бәрі дұрыс екендігін және біздің көмегімізге мұқтаж емес екенін айтты. Шынын айтсақ, қыздың дауысы үрейлі болды, сондықтан біз мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей, оқиға орнынан кетпеу туралы шешім қабылдадық. Біз есікті ашуды сұрадық, бірақ жауап болмады.

Содан кейін тыңдап тұрып, пәтер ішінде шудың, қандай да бір кикілжіңнің бар екенін байқадық. Менің әріптесім кілт саңылауы арқылы бетіне қара бетперде киген адамды көрді, оның қолында пышақ болды, ер адам пышақты қыздың тамағына тақап тұрды. Дұрыс шешім қабылдау және күдіктінің құрбанына зақым келтірмеуі үшін оны шошытып алмау маңызды болды.

Бір сәтте біз пәтерге кіріп үлгердік, қарулы адам дереу ұсталды. Тексеру барысында күдіктінің бұрын төрт рет сотталған 40 жастағы азамат екені анықталды", – дейді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторы Нұрдос Тұрлыбек.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, күдікті көшеде бойжеткеннің соңынан түсіп, оның пәтеріне баса-көктеп кірген. Үйде ешкім болмаған.

"Ер адам пышақпен қорқытып, жәбірленушіге қарақшылық шабуыл жасаған, ол жәбірленушіден құнды заттары мен жинақ ақшасын беруді талап еткен. Алайда патрульдік полицейлер мен көршінің полицияға дер кезінде хабар беруі қаскөйдің қылмыстық жоспарын бұзды. Ол қамауға алынды. Қылмыстық іс Бостандық аудандық полиция басқармасында тергелуде. Оқиға орнынан заттай айғақтар алынып, іс материалдарына тіркелді", – дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905614-kosede-sonyna-tusken-almatyda-qaskoi-boizetkennin-uiine-basa-koktep-kirip-moiynyna-pysaq-taqagan-video/

pixel