Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев елдегі ахуалға байланысты үкімет пен Цойға ескерту жасады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте үкімет жұмысын қатаң сынға алды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Отырыс барысында президент министр Алексей Цойға ескерту жасады.

"Алексей Владимирович, осыған дейін сізге қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрі үкіметтегі басты тұлға екенін айтқан едім. Сіздің ерекше өкілеттігіңіз бар. Сіз жақсы жұмыс істеп бастадыңыз, кейін қарқыныңызды жоғалтып алдыңыз", - деді мемлекет басшысы.

"Сіз сәуірде жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпеген жағдайда, кадрлық өзгерістер көңіліңізді әбден түсіруі мүмкін. Бұл тек денсаулық сақтау министріне емес, барлық үкіметке қатысты", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905815-kadrlyq-ozgerister-kutip-tur-toqaev-ukimet-pen-coiga-eskertu-zasady/

pixel