Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға вакцина жеткізу үшін Тоқаев президенттермен өзі жеке келіспек

Опубликовано:

Тоқаев1
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирус жағдайына қатысты өткен жиында COVID-19-ға қарсы вакцинаны мемлекетке жеткізу үшін өзге ел президенттерімен өзі жеке келіссөз жүргізетінін айтты. Бұған дейін үкімет Қазақстанға жеткілікті көлемде вакцина жаткізілетінін мәлімдеген болатын. Алайда, іс жүзінде олай емес болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Иммунизация қарқыны бойынша біз көшбасшы мемлекеттерден қалып келе жатырмыз. Бүгінде иммунизация курсын 47 мыңға жуық адам аяқтады (бірінші бөлікпен – 137 346 адам.) Мұндай жағдайға вакцина тапшылығы себеп болып отыр.

Үкімет "Спутник V" бойынша келісім мен отандық вакцинаның өндірісі мемлекеттегі вакцинацияның қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді деп мәлімдеген болатын. Бұл ақпаратқа сәйкес, мен бірінші ақпаннан бастап жаппай вакцинация жайлы хабарладым.

Екі ай уақытта Қазақстан халқының 0,2%-ға жуығы ғана вакцина салдырды. Енді мен өзге мемлекет басшыларымен елге қосымша вакцина жеткізуді келісуіме тура келуде. Біз екпелерді тез арада жеткізу үшін өзімізге қолайсыз коммерциялық және қаржылық жағдайларға келісуіміз керек" , - деді Тоқаев.

Оның үстіне мемлекет басшысы вакцинацияның созылуы абстрактылы мәселе емес екенін алға тартты.

"Мәселе мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қатысты болып тұр. Бұл азаматтарымыздың өлімі мен індетті жұқтыруы. Бұл бизнестегі қапы кеткен табыс, бюджеттің алынбай қалған салықтары, ұлттық байлықтың жалпы төмендеуі", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905822-toqaev-qazaqstanga-vakcina-zetkizu-usin-perzidenttermen-ozi-kelimude/

pixel