jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

QazCovid-in отандық вакцинасын салған сегіз адамда әлсіз иммунитет қалыптасқан

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынақтарына қатысқан 202 еріктінің 8-інде коронавирусқа қарсы әлсіз иммунитет қалыптасты. Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн брифингте Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсулу Закарья мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында журналистер "вакцина салдырғаннан кейін антидене қалыптаспаған" сегіз еріктінің қай жас тобына жататынын және оларға вакцинаны салдырудың "нәтижесі болмай қалғаны" қалай анықталғанын нақтылауды сұрады. Бұған жауап ретінде Күнсулу Закарья келесіні хабарлады.

"Белгілердің бірі - иммунограмма. Иммунитет пайда болмады деп айтқан дұрыс емес. Иммунитет қалыптасты, алайда әлсіз иммунитет - статистикалық өңдеу кезінде біз ескерген шектер үшін жеткіліксіз деңгейде. Алайда бұл табиғи процесс, ағзаның вакцинаға жауап беру жағдайларының бірі. Негізінен олар егде жастағылар - жасы 40-тан асқандар. Бірінші және екінші фазаларда (зерттеудің - ред.ескертпесі) 18 жастан 50 жасқа дейінгілер қатысқан", - деді Закарья.

Маман вакцинаны салдырғандар арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ екенін алға тартты.

"Олар ауырған жоқ. Оларда иммунитет дамымады, антиденелер пайда болған жоқ немесе аз концентрацияда пайда болды. Еріктілер арасында инфекцияны жұқтырғандар жоқ. Біз тек ағзаның иммундық реакциясы туралы айтып отырмыз", - деп қосты маман.

Закарья сонымен қатар иммунитеттің қалыптасу деңгейі әркімде әрқалай екенін түсіндірді: бұған кез келген сырқат түрі кедергі келтіруі мүмкін.

"Егер осы клиникалық зерттеулерге қатысу кезеңінде вакцина салушы қандай да бір созылмалы сырқат түрімен ауырып жүрген болса, онда бұл жағдайда ағза салынған вакцинаға толыққанды жауап бере алмай қалуы әбден мүмкін. Ағза қалыпқа келген кезде иммундық жауап пайда болады. Дегенмен сенімді деректерге сенсек, әлем тұрғындарының 10 пайызында белгілі бір себептермен иммунитеті төмен болады, бұл ағзаның вакцинацияға өзіндік жауабы болатынын аңдатады", - деп түйіндеді ол.

QazCovid-in отандық вакцинасын салған сегіз адамда әлсіз иммунитет қалыптасқан

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.