Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда алаяқтар тұрғынның 12 млн теңгеге жуық ақшасын жымқырды

Опубликовано:

Ғаламтор алаяқ1
Көрнекі фото: pxhere.com

Петропавл қаласы тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болды. Келіншек олардың құрығына түсіп, жиған-терген 7 млн және несиеге алған 5 млн теңгесінен айырылып қалды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

CҚО полиция департаментінің мәліметінше, петропавлдық әйел ұлын оқыту үшін арнайы депозитке ақша жинаған. Алайда кибералаяқтардың құрығына түсіп қалып, бір күнде бар ақшасынан айырылып қалды.

Наурыз айының ортасында оған өзін “қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін” және банктің “менеджерімін” деп таныстырған белгісіз ер адам мен қыз хабарласқан.

Олар жеті минут бұрын оның атына бөтен адамның ірі көлемде несие ресімдегенін айтып, қала тұрғынын сендірген.

Алаяқтардың әрекеттерінен қорғану үшін оған "есепшотты жаңарту" қажеттігін, яғни депозиттен ақшаны алып, жаңа ашылған есепшотқа салуды ұсынған.

Жәбірленуші хабарласқан адамдарға сенбеген, банк филиалына баратынын айтқан. Алайда, қылмыскерлер оны бұлай жасамауға көндіреді. Алаяқтардың айтқанына сенген әйел олардың нұсқауын түгел орындап, өзінің жеті миллион теңгеден астам ақшасын, алған несиесін бірнеше Qiwi-әмиянның есепшоттарына аударып жіберген.

Жалпы алғанда, қылмыскерлер 11 миллион 865 мың теңгені қолды қылған, бұл аса ірі көлемде келтірілген шығын болып табылады. Әйелге барлық қаражат қайтарылады деп уәде берген, алайда бұлай болмай шықты. Жәбірленуші полицияға жүгінді.

Бұл факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі “Алаяқтық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

“Бүгінде “банктің қауіпсіздік қызметінен” қоңырау шалу арқылы алдау схемасы ең кең таралған тәсілдердің бірі болып табылады. Бұл тәсілге көбі сене бермейді, себебі көптеген адамдар киберқылмыскерлердің бұл амалы жайлы біледі. Соған қарамастан, кейде қаскөйлер өздерінің құрбандарына психологиялық қысым жасау арқылы шеберлік танытады. Бұл жағдайда жәбірленуші банк филиалына барып, шоттың жағдайы жайлы сенімді ақпарат көзінен білуге шешім қабылдаса, өзін алаяқтардан қорғар еді. Кез-келген жағдайда есте сақтау маңызды: нақты банк қызметкерлері қандай жағдай болмасын, ешқашан клиенттерге қаржылық операциялар жасамайды, құпия деректерді атауды талап етпейді” , – дейді СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Жұмалиев.

Жалпы облыста жыл басынан бері 202 интернет-алаяқтық тіркелді. Оның 52-сі “банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалу” схемасына негізделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905987-petropavlda-alayaqtar-turgynnyn-12-mln-tengege-zuyq-aqsasyn-zymqyrdy/

pixel