Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ержан Қазыханов Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болды

Опубликовано:

Ержан Қазыханов
Ержан Қазыханов. Фото: 7kun.kz

Ержан Қазыханов Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ержан Хозеұлы Қазыханов 1964 жылы 21 тамыз күні Алматы қаласында дүниеге келген.

1987 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің шығыс факультетін бітірген. Мамандығы: Тарихшы-шығыстанушы. Сонымен қатар, КСРО сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Үндістан халықаралық қатынастар институтын тәмамдады.

Қазыханов I-ші дәрежелі төтенше және өкілетті елші дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 1989 жылы ҚазКСР сыртқы істер министрлігі протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы қызметінен бастады.

  • 1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;
  • 1995-2000 жылдары БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі;
  • 2000-2003 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігі көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры;
  • 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы;
  • 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары, ҚР президентінің көмекшісі;
  • 2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және -кілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі;
  • 2011 жылы ақпан-сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары.
  • 2011 жылы сәуір айының 11-ші жұлдызы - 2014 жылғы 17 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі;
  • 2014 жылы 17 қыркүйек - 2017 жылы ақпан аралығында Қазақстанның Ұлыбританиядағы төтенше және өкілетті елшісі.
  • 2017 жылы ақпан айынан бастап, осы күнге дейін Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарып келді.

Ержан Қазыхановтың орнына Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы жаңа елшісі болып Ержан Ашықбаев тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін тиісті жарлыққа қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906332-erzan-qazyxanov-xalyqaralyq-yntymaqtastyq-zonindegi-arnaiy-okil-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel