RU

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азая бастады

Фото
Көрнекі фото: NUR.kZ

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте тағы 1809 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабаралайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 242
  • Алматы қаласы - 585
  • Шымкент қаласы - 30
  • Ақмола облысы - 60
  • Ақтөбе облысы - 153
  • Алматы облысы - 278
  • Атырау облысы - 64
  • Шығыс Қазақстан облысы - 23
  • Жамбыл облысы - 28
  • Батыс Қазақстан облысы - 101
  • Қарағанды облысы - 90
  • Қостанай облысы - 34
  • Қызылорда облысы - 39
  • Маңғыстау облысы - 11
  • Павлодар облысы - 31
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 24
  • Түркістан облысы - 16.

Сонымен қатар өткен тәулікте елімізде 1122 адам коронавирус індеттен жазылып шыққан.

Қазір Қазақстанда 28 333 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 10 243 пациент стационарда, 18 090 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

456 адамның жағдайы ауыр, 132 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 4 сәуірдегі мәлімет бойынша 7 жаңа жағдай тіркелген, 7 жағдай өліммен аяқталған, 171 адам жазылып шыққан.

Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстары коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы орналасқан.

Еліміздің қалған барлық өңірі - "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906434-qazaqstanda-otken-taulikte-nese-adamnan-koronavirus-anyqtalgany-belgili-boldy/