"Өлім-жітім қаупі жоғары": Коронавирустың жаңа штамдары қаншалықты қауіпті
Жарияланған күні:
Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа штамдарының қаупі туралы айтты деп хабарлайды Қазақпарат.
Цойдың сөзінше, әлеменің 130 елінде анықталған "британиялық" штамм мен 80 елде анықталған "Оңтүстік-африкалық" штамм Қазақстанда да тіркелген.
"Жаңа мутацияларды анықтау мақсатында біз республка аумағында айналымда жүрген коронавирус штамдарын генетикалық зерделеуді тұрақты негізде жүргізіп жатырмыз. Мәселен, наурызда республика аумағында "британиялық" және "Оңтүстік-африкалық" штамдардың айналымы анықталды", - дейді министр.
Цойдың айтуынша, таяуда жүргізілген зерттеулерге сәйкес, коронавирустың "британиялық" штамы бастапқы штамға қарағанда қауіпті. Оны жұқтырған адамдардың аурухана жатуы көбірек кездеседі әрі өлім-жітім қаупі де жоғары.
"Бразилиялық" штамм өлім-жітімге көп алып келе бермейді. Дегенмен, ол COVID-19-дың бастапқы штамына қарағанда жеңіл таралады. Сонымен қатар коронавирустың "британиялық" штамы өткен жылғы штамен салыстырғанда 1,7 есе, "Оңтүстік-африкалық" штамға қарағанда, 1,5 есе, ал "бразилиялық штамға" қарағанда екі есе жылдам таралады. Бұған қоса, репродуктивтілік саны 1,1-ден 1,9-ға дейін артуы мүмкін. Бұл аталған штамдардың біртіндеп басым бола түсуіне алып келеді", - дейді ол.
Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі үкіметтің 2020 жылдан бастап қабылдаған шектеу іс-шаралары алты ай бойы вирустың жаңа штамдарының елімізде таралмауына тосқауыл бола алғанын жеткізді.
Оның сөзінше, жаңа штамдарға қатысты мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906485-koronavirustyn-zana-stamdary-qansalyqty-qauipti-ministr-pikir-bildirdi/