Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бюрократиядан өлетін жай жоқ": Италиялық саясаткер Ресейге барып, вакцина салдырып алды

Опубликовано:

Саясаткер
Фото: Facebook / Alessandro Ravaglioli

Италиялық танымал саясаткер өз елінде вакцина салдырту кезегін күтуден шаршап, ақыры Ресейде "Спутник V" вакцинасын салдырып алды деп хабарлайды life.ru.

"Солтүстік лигасы" партиясының өкілі болып табылатын саясаткер Алессандро Равальоли коронавирусқа қарсы вакцинаны өз елінде салатын күнді күтуден шаршағанын алға тартып, Ресейге барып, "Спутник V" вакцинасын салдырған.

"Егер мен Италияда өзімнің кезегімде күтетін болсам, маған вакцинаны бәлкім күзде бір-ақ егер ме еді", - деп күйінді Алессандро Равальоли RT-ге берген сұхбатында.

Саясаткер "Еуропадағы бюрократияға бола вакцинасыз қалып, өлетін жайы жоқ екенін" атап өтті.

Алессандро "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын қабылдағаннан кейін өзін жақсы сезінетінін алға тартты және бұны достарымен Мәскеу мейрамханасында атап өтпек.

Сонымен қатар ол "вакцинаны Ресей өндіргендігеніне байланысты ғана Еуропа одағы мақұлдамай отырғанына" наразылығын білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде тараған "вакциналау арқылы адам ағзасына чип орнатады екен" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.

"Вакцина – адам ағзасына егілетін сұйықтық. Оның цифрлық құралға айналатыны жайлы әңгімені нағыз фантастика дер едім. Цифрлық саладағы біліміме сүйеніп айтар болсам, вакцинаның адамзатты чиптеуге негіз болуы екіталай", - дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906517-byurokratiyadan-oletin-zai-zoq-italiyalyq-sayasatker-reseige-baryp-sputnik-v-vakcinasyn-saldyryp-aldy/

pixel