Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында екі ағайындының арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды

Опубликовано:

Алкоголь
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында ер адам інісін пышақтап тастады. Шабуылдаушыға қасақана кісі өлтірді деген айып тағылып, тергеу изоляторына қамалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Мақтаарал ауданының сотына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Мақтаарал ауданы Көкарал ауылында болған.

1 сәуір күні кешкі сағат 9 шамасында 1977 және 1979 жылы туған бауырлар арасында жанжал туындаған.

Тергеудің алдын ала деректеріне сүйенек, үлкені ішімдік ішкеннен кейін қос ағайындының арасында жиі жанжал болатын көрінеді.

Інісі бауырынан жаман әдеттен арылып, дұрыс жолға түсуге көндіріп, тіпті оның арақты тастауын талап еткен. Бұған ашуланған ағасы інісі өзіне бұйрық беріп отыр деп есептеген.

Қайғылы оқиға орын алар күні де інісі ішіп отырған ағасын жазғыра бастаған. Осыдан кейін екеуі жанжалдасып, мас ер адам ас үй пышағын алып, інісінің кеудесіне сұғып алған.

Жараланған ер адам еденге құлап, арқа тұсынан тағы да пышақ жарақатын алған. Үйде болған отбасы мүшелері зардап шегушіге көмектесе алмапты. Оқиға орнына келген жедел жәрдем ер адамның қайтыс болғанын анықтаған.

Бірінші соққы ер адамның тура жүрегіне тиіп, оның бірден көз жүмғаны анықталды. Үлкен ағасын полицейлер құрықтаған.

Екеуінің де артында көпбалалы отбасы қалып отыр.

"Полиция Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша (Қасақана кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Тергеу органдары айыпталушыны қамауға алу туралы сотқа өтініш берді. Сот тергеу кезеңінде ер адамның тергеу изоляторында қамауда болатындығын анықтап, санкция берді", - деп хабарлайды Түркістан облысы Мақтаарал ауданының соты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы Достық ауылында 1999 және 2001 жылы туған екі ағайындыға сот үкімі оқылған еді. Олар қарындастарымен байланысқа түскен жас жігіттің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін сотты болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906547-turkistan-oblysynda-eki-agaiyndynyn-arasyndagy-zanzal-adam-olimimen-ayaqtaldy/

pixel