Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар бір-біріне "жерлеу" рәсімі көрсетілген видеоны таратып жатыр

Опубликовано:

Жерлеу
Фото: stopfake.kz

Қазақстандықтар бір-біріне What ‘sApp мессенджері арқылы "жерлеу" рәсімі көрсетілген видеоны таратып жатыр деп хабарлайды Stopfake.kz.

Видеода қабір қазып жатқан адам медициналық қорғаныш костюмін киіп алғаны, қабірдің іші бос екені көрсетілген. Кейбірінің пікірінше, БАҚ адамдарды қорқыту үшін осылайша марқұмдар COVID-19-дан қайтыс болған деп көрсетеді. Алайда Stopfake.kz мұның жалған ақпарат екенін хабарлады.

Шын мәнісінде, видеода пандемия кезіндегі қабіршілердің күнделікті жұмысы туралы сюжеттің түсірілімі көрсетілген.

Сюжет Бразилияның Вила Велла қаласындағы Барра-ду-Жуку зиратында түсірілген екен. "TV Vitória" телеарнасының тілшілері зират қызметкерінің қол жуу, қорғаныс костюмін кию және жұмыс күні ішіндегі басқа да іс-әрекеттерін түсірген.

Кейіннен түсірілім тобы олар кейіпкерден қабір қазу барысын көрсетуді сұраған. Бұл ретте зиратта бірнеше бос қабір болған. Дәл осы сәт ұялы телефонның камерасына түсіріліп, желіге таратылған.

Бейнежазба телеарнаның ресми репортажы шыққанға дейін кеңінен тараған, сондықтан қабір қазып жатқан видео сюжетке кірмеген.

Кейінірек "TV Vitória" телеарнасының журналисі Марла Бермудес эфирде осы жағдайға ашық түсініктеме беріп, жалған ақпарат таратпауға шақырған.

"Осылайша, вирустық видео бұқаралық ақпарат құралдарында COVID-19 салдарынан қайтыс болғандарды жерлеу рәсімі әдейі өткізілетінін дәлелдемейді. Кадрларда репортаж түсіру процесі көрсетілген. Репортаж індеттің өзі және оның өлім-жітім деңгейі туралы емес, тек карантиндік шектеулердің әсері мен қарапайым жұмысшылардың өзгерген өмір салты жайлы түсірілген", - дейді портал. .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906575-qazaqstandyqtar-bir-birine-zerleu-rasimi-korsetilgen-videony-taratyp-zatyr/

pixel