Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иорданиядағы жағдай: Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Опубликовано:

ҚР СІМ
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Иорданиядағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады. Тиісті хабарлама ведомствоның ресми сайтында пайда болды.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Иордан Хашимит Корольдігінде орын алған оқиғаны мұқият бақылауда.

Қазақстан Король Абдалла II Иордания халқының әл-ауқатын жақсартуға, аймақтық тұрақтылық пен әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған саясатын қуаттайды.

Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайды.

2017 жылғы қарашада Король Абдалла ІІ ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік атты алғашқы Назарбаев сыйлығымен марапатталған еді",- делінген хабарламада.

Еске салсақ, өткен сенбіде БАҚ беттерінде иорданиялық ханзада Хамзадан хабарлама тараған еді. Ол қазір үй қамақта отырғанын, оған сыртқа шығып, басқа адамдармен тілдесуге тыйым салынғанын айтқан болатын.

Оған ханзаданың Иорданияның оппозициялық одақ лидерлеріне баруы себеп болған көрінеді. Оған қазіргі корольдің ұстанымын тұрақсыздандыруға тырысты деген айып тағылған.

Айта кетейік, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы жаңа елшісін тағайындаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906583-iordaniyadagy-zagdai-qazaqstannyn-syrtqy-ister-ministrligi-malimdeme-zasady/

pixel