Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отбасындағы зорлық, ішімдікке салыну: Елімізде ерлі-зайыптылардың не үшін жиі ажырасатыны анықталды

Опубликовано:

Иллюстративное фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасуының басты себебі анықталды. Қазақстан қоғамдық даму институтының жасаған сауалнамасында қатысушылардың басым бөлігі некенің бұзылуын отбасындағы зорлық-зомбылықпен байланыстырған деп жазады Ranking.kz.

Қазақстан қоғамдық даму институты қазақстандықтар арасында ауқымды сауалнама жүргізген. Оның қорытындысы бойынша жасалған "Қазақстан отбасылары - 2020" ұлттық баяндамасына сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі (43,2 пайыз) ажырасудың басты себебін отбасындағы зорлық-зомбылықтан көріп отыр.

Ажырасуға түрткі болатын жағдайлар қатарында жұбайлардың бірінің ішімдікке немесе нашаға тәуелдігі (39,7 пайыз) және ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы (35,9 пайыз) бар.

Сондай-ақ сауалнамадан жұбайлардың өзара түсіністік таппауы, ата-аналарының араласуы, құмар ойынан шыға алмау себептері де ажырасуға түрткі болатыны анықталды.

Белгілі болғандай, 2020 жылы Қазақстанда 128,8 мың неке қиылған, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға аз. Айта кету керек, 2013 жылы ел бойынша ең көп неке тіркелген, 168,4 мың отбасы пайда болған.

АХАЖ органдарының мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы елде неке бұзу туралы сот шешімдерін есепке алмағанда 22 мың неке бұзылған.

2020 жылы ел бойынша Алматы қаласында отау құрғандар саны көп - мұнда 15 мыңнан астам неке қиылған. Одан кейінгі орында Түркістан облысы (13 мың неке).

Ажырасу саны бойынша да Алматы ешкімге дес бермеген (үш мың отбасы ажырасып тынған). Одан кейінгі орында Алматы облысы мен Қарағанды облысы тұр. Аталған аймақтарда бір жыл ішінде екі жарым мыңға жуық неке бұзылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906589-otbasyndagy-zorlyq-isimdikke-salynu-elimizde-erli-zaiyptylardyn-ne-usin-zii-azyrasatyny-anyqtaldy/

pixel