Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазгидромет мамандары 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавл қаласында тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман болуы ықтимал. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 7 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 2021 жылдың сәуір-қазан айларына арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жасаған болатын.

Маусым айында елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан аз болады деп болжануда.

Шілдеде елдің шығыс жартысында орташа ауа температурасы нормаға жуық болады. Ал тамыз айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906614-tuman-koktaigaq-qazaqstannyn-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel