Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің шашынан сүйреді деп күдіктелуде

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырауда бүлдіршіннің шашынан сүйреді деп күдіктелген тәрбиешіге қатысты қызметтік тексеріс басталды деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода, тәрбиешінің кішкентай қыз баланы шашынан сүйрей жөнелгені байқалады. Тәрбиеші бүлдіршінің құлағанына да мән бермейді. Оқиға наурыздың 29-ы күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылындағы балабақшалардың бірінде орын алған. Тәрбиешінің жұмысына күмәнмен қараған ата-ана топтағы бейнебақылау камерасы жазылған таспаны қарауды өтінеді. 21 жастағы келіншектің мекетпке дейінгі мекемеге тәрбиеші болып орналасқанына жылдан асыпты.

"Әлеуметтік желіге жарияланған видеоның әрбір минутын, әрбір секундын қарап жатырмыз. Қазір біз тәрбиешінің тарапынан да, балабақша меңгерушісінің уақытша қызметі лауазымындағы адамнан да, әдіскерлер, жалпы барлық қызметкерлер тарапынан жеке-жеке түсініктеме алып жатырмыз", - дейді Атырау облысы Жылыой аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Гүлжансара Таңатарова.

"Әлеуметтік желіде тараған бенежазбадағы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 140 бабы, яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - дейді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Б. Надірқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906624-atyrauda-balabaqsa-tarbiesisi-buldirsinnin-sasynan-suiredi-dep-kudiktelude/

pixel