Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылаған жоқ": ТЖД 10 жасар баланы құтқару сәтін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Құтқару сәті
Кадр: YouTube / 716 kz

Көкшетауда 10 жасар бала қақпаға мінемін деп қолын қатты жарақаттап алды. Темір істікше оның алақанын тесіп өткен. Құтқарушылардың көмегінен кейін оны жедел жәрдем алып кетті. Бұл туралы 716.kz сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлады.

"Алақанды өткір заттан шығару қауіпті болды. Сол себепті темір істікшені кесуге шешім қабылданды", - дейді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті құтқару бөлімінің жетекшісі Рустем Мүжіпов.

"Темірді кескенде бала жылаған да жоқ. Құтқарушылардың барлық бұйрығын орындап отырды. Сөйтіп, құтқару операциясының сәтті аяқталуына көмектесті", - деп атап көрсетті ол.

Темір істікшені кесіп алғаннан кейін жеткіншек дереу ауруханаға жеткізілді. Видеодан жеткіншектің "Сау болыңдар! Бір аптадан кейін келемін" деп қоштасып жатқан сәтін көруге болады.

Бүгінгі таңда ол сауығып, ауруханадан шығарылды.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа немесе жүрегі әлсіз адамдарға қарауға кеңес бермейміз!

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда автобус астында қалған зейнеткерді құтқармақ болған қалың жұрт қоғамдық көлікті жабыла көтергенін жазған едік.

Қоғамдық көлік жүргізушісі дер кезінде тежегішті басып үлгермей, салдарынан зейнеткер автобус астында қалып қояды. Бұл жайтты көрген сол маңдағы өзге адамдар дереу автобусқа қарай жүгіреді. Олар патрульдік полиция қызметкерлеріне ауыр автобусты көтеруге көмектескен.

Одан бөлек, боранда көліктерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей желі қаһарманына айналғанын жазған болатынбыз. Тәртіп сақшысы жүргізушілерге Қостанайға баратын жолды көрсетіп, оларды қар құрсауынан құтқаруға тырысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906651-zylagan-zoq-tzd-10-zasar-balany-qutqaru-satin-korsetti-video/

pixel