Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кімдерге православтық пост ұстауға болмайды: Маманның жауабы

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Православтық пост ұстау - бұл сау адамдар үшін де маңызды сынақ. Осы орайда Алматыдағы №36 қалалық емхананың дәрігер-терапевті Гаухар Арипова кім эксперименттерден бас тартып, өз ағзасын тыңдауы керек деген сауалға жауап берді.

Дәрігер-терапевт Гаухар Әріпованың айтуынша, православтық пост ұстау медициналық тұрғыдан пайдалы.

"Майсыз тамақтану пайдалы болуы мүмкін, өйткені ол ағзаны токсиндер мен қалдықтардан тазартуға, салмақ тастауға, жеміс жидек пен көкөніс тағамдарын тұтынуға ауысуға көмектеседі, бұл холестеринді төмендетудің және жүрек-тамыр аурулары мен қант диабеті қаупін азайтудың тиімді әдісі", - деді сарапшы.

Дәрігердің айтуынша, адамның кез-келген сенімі мен нанымы денсаулыққа зиян тигізбеуі керек, сондықтан иммунитеті әлсіз, зат алмасу бұзылыстары, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, қант диабеті, асқазан жарасы, бауыр және бүйрек аурулары бар және үнемі дәрі-дәрмек қажет ететін адамдарға пост ұстауға тыйым салынады.

Жүкті әйелдер мен бала емізіп отырған әйелдер де ораза ұстамауы керек, өйткені ұрық пен нәрестенің өсуі мен дамуына ақуыз, дәрумендер және минералдардың тиісті мөлшері өте маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906656-kimderge-pravoslavtyq-post-ustauga-bolmaidy-mamannyn-zauaby/

pixel