Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Forbes әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жаңартты: Тізімде алты қазақстандық бар

Опубликовано:

Тимур Кулибаев
Тимур Кулибаев. Фото: Facebook/Тимур Кулибаев

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жаңа рейтингсін ұсынды. Тізімге тағы үш қазақстандық енген.

Төртінші жыл қатарынан жер шарының ең бай адамы атағы Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безосқа бұйырды. Оның байлығы 177 миллиард долларға бағаланған. Безос бір жылда 64 миллиард доллар тапқан.

Илон Маск 151 миллиард долларымен рейтингттің екінші сатысында тұр. Бір жыл ішінде SpaceX және Tesla компанияларының иесі өзінің дәулетін бірден 6 есеге арттырғаны белгілі болды.

Үшінші орында - Louis Vuitton Moët Hennessy тобының президенті Бернард Арно. Ол 150 миллиард доллар тапқан.

Сондай-ақ, әлемнің ең бай бес адамының қатарында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс пен Facebook-тің басшысы Марк Цукерберг бар.

Қазақстандықтардың арасынан 6 кәсіпкер әлемдегі ең бай адамдардың қатарына кіріп отыр.

Владимир Ким
Владимир Ким. Фото: kazakhmys.kz

Дәулеті 4,6 миллиард долларға бағаланған қазақстандық кәсіпкер Владимир Ким рейтингтің 622-сатысына жайғасқан. Бұл қазақстандықтар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Булат Утемуратов
Булат Утемуратов. Фото: instagram.com/official.bulatutemuratov

Болат Өтемұратов - қазақстандықтардың арасында екінші. 3,4 миллиард доллар байлығы бар ол 891-орында.

Вячеслав Ким
Вячеслав Ким. Фото: kaspi.kz

Kaspi.kz-тің негізін қалаушы Вячеслав Кимнің байлығы 3,3 миллиард долларды құрап отыр. Ол рейтингтің 925-сатысында орналасқан.

Михаил Ломтадзе
Михаил Ломтадзе. Фото: Facebook/kaspi.kz

Оның серіктесі Михаил Ломтадзе 956- орында. Кәсіпкердің дәулеті 2,3 миллиард долларға бағаланған.

Тимур Кулибаев
Тимур Кулибаев. Фото: Facebook/Тимур Кулибаев

Тимур мен Динара Құлыбаевтар әрқайсысы 2,8 миллиард доллармен 1111-ші орында тұр.

Тимур Турлов
Тимур Турлов. Фото: ffin.ru

Freedom Holding Corp компаниясының қожайыны Тимур Турловдың капиталы 2,2 миллиард долларды құраған.

Ол рейтингтің 1517-қатарына жайғасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906660-forbes-alemdegi-en-bai-adamdardyn-tizimin-zanartty-tizimde-alty-qazaqstandyq-bar/

pixel