Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдіктерге жер беруге біржола тыйым салынбақ: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Опубликовано:

мәжіліс
Фото: мәжіліс

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды деп хабарлайды Қазақпарат.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, еліміздің егемендігін нығайту және халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан азаматтарының пікірін ескере отырып, 2016 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының президенті жарлығымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік компанияларға сондай-ақ, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға жалға беруге, бұдан басқа Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншікке беруге қатысты мораторий енгізілді.

"Мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылы 25-ақпандағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында жер мәселесі қашанда халқымыз үшін аса маңызды екендігін жариялай отырып, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды", - деді министр.

Осыған орай, тиісті заң жобасы әзірленіп ағымдағы жылы 15 наурызда Мәжіліске енгізілді.

Сапархан Омаров бүгінгі таңда ұсынылған заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу көзделгенін жеткізді.

Сонымен қатар, заң жобасында бұдан бұрын шетелдіктермен және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялармен жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдалану мерзімін ұзартылмайтындығы және олардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болатыны қарастырылған.

Оның айтуынша, қандастар бойынша олар жеке қосалқы шарушылығы, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады, ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға алуға мүмкіндігі бар.

Заң жобасымен Жер кодексі және үш заңға, оның ішінде, Көші-қон заңына өзгерістер енгізіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906703-mazilis-zerdi-seteldikterge-beruge-birzola-tyiym-saludy-kozdeitin-zan-zobasyn-maquldady/

pixel