Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда полицейлер интимдік массаж қызметін көрсеткен төрт әйелді анықтады

Опубликовано:

Интимдік массаж жасаған әйелдердің ұсталуы
Фото: Polisia.kz

Атырауда учаскелік полиция инспекторлары интимдік массаж қызметін көрсеткен төрт әйелді анықтады деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

5 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Сәтпаев көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінен уақытша тіркеусіз пәтерді жалға алып, интимдік массаж қызметін көрсеткен төрт әйелді анықтады.  26, 29, 31, 44 жастағы төрт азаматша Тараз, Орал және Түркістан қалаларынан келгені белгілі болды.

"Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен (Сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсету) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына ескерту берілді. Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 10 209 теңге көлемінде айыппұл салынып, саусақ іздері алынды" , – деді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.

Сонымен қатар, жалдамалы пәтердің заңдылығын тексеру мақсатында, жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына жолданатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906710-atyrauda-policeiler-intimdik-massaz-qyzmetin-korsetken-tort-aieldi-anyqtady/

pixel