Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина алғандарға үш күн демалыс беріле ме: Тиісті басқарма жауап берді

Опубликовано:

вакцина
Көрнекі фото: Julian Stratenschulte/picture alliance via Getty Images

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында вакцина алғандарға үш күн демалыс берілетіні жайлы дәрігерлерден естігенін жазды. Ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын білу үшін KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына жүгінді.

Сәуле Әбілдаханқызы Facebook парақшасында вакцина салдырған адамдарға берілетін демалыс туралы сөздің неден шыққанын түсіндірді.

"Вакцина алғандарға үш күн демалыс беріледі" деген сөзіме орай "сол заңды көрсет" деп сұрап жатқандарға айтарым: "Заң, қаулы, бұйрық, шешім, актілердің бәрін білу мүмкін емес. Кез келген министр өз бұйрықтарымен өз саласында әртүрлі ереже, тәртіптерді енгізе алады немесе өзгерте алады. Күн сайын шығып жататын бұйрықтарды, ережелерді заңгерлер де жатқа біле бермейді, оның бәрін білу мүмкін де емес. Мен де заңгер емеспін. Түбін қопарып іздеп табуға болады, оған уақыт болмай тұр. Заңгерлер құжат жүзінде негіздеп бере алатын шығар деп ойлаймын.

Ал мен бұл әңгімені қайдан шығардым?

Мен ковид боп ауырып үйде жатқанда алғашқы күндері келген учаскелік дәрігерім айтты, "ертең біз бәріміз вакцина аламыз, үш күн демалыста боламыз, сондықтан сізге алдағы үш күн келе алмаймын" деді. Сонда вакцина алғандарға үш күн демалыс беретінін сұрап білген едім.

"Вакцинадан кейін үш күн демалу керек" дегенді бір невропотологтан, бір терапевттен, бір мейірбикеден де естідім. Олар көктен алып, яки ойдан шығарып айтпаған болар деп ойлаймын", - дейді Сәуле Әбілдаханқызы.

Бұл мәліметке қатысты пікір білдірген Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі аталған ақпаратты жоққа шығарды.

KAZ.NUR.KZ тілшісінің сауалына басқарманың баспасөз қызметінің маманы Ақшолпан Жүсіпова вакцина салдырғандарға демалыс берілмейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906713-vakcina-algandarga-us-kun-demalys-berile-me-tiisti-basqarma-zauap-berdi/

pixel