Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте карантин күшейтіледі: Еліміздің үшінші мегаполисінде не өзгереді

Опубликовано:

ночной Шымкент
Фото: Facebook

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес, шаһарда 12 сәуірден 26 сәуірге дейін шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкенттің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, қала тұрғындары мен қонақтарына кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (ауызашар, еске алу, туған күн, мерейтой, құдалық, үйлену тойы, беташар және т.б.).

Ал жасы 65-тен асқан адамдардың қалада жүруіне шектеу қойылады.

Сонымен қатар азаматтар қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарға және қызметіне рұқсат етілген нысандарға, ашық жерде орналасқан қоғамдық орындарға барған кезде маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, антисептикті қолдану сынды талаптарды қатаң сақтауға міндетті.

5 жасқа дейінгі балалардан және далада спортпен шұғылданған кезде маска тағу талап етілмейді.

Одан бөлек, кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылуы тиіс.

Азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын базарлар, жәрмеңкелер жұмыс күндері 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Ал жабық емес базарларға қалыпты режимде жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр.

Банкет залдары мен аквапарктердің, жағажайлардың қызметіне тыйым салынады.

Косметологиялық қызметтерді ұсынатын СПА-орталықтар мен сұлулық салондары алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбіде жұмысы тоқтатылады.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеге арқылы танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906741-symkentte-karantin-kuseitiledi-elimizdin-usinsi-megapolisinde-ne-ozgeredi/

pixel