Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азат Перуашев кредит төлемдерін кейінге шегерудің тиімсіз тұсын атады

Опубликовано:

Азат Перуашев
Азат Перуашев. Фото: akzhol.kz

"Ақ жол" фракциясы үкіметке депутаттық сауал жолдап, шағын және орта бизнестің несиелері бойынша төлемдерді кейінге шегерудің тиімсіз тұсын атады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, президент кәсіпкерлердің кредиттік төлемдерін кейінге шегеруге тапсырма берсе де, осы бастама былтырдан бері жүйелі түрде атқарылмайды.

Қазіргі тәртіп бойынша төлемдер шегеріледі, бірақ кредиттің мерзімі ұзартылмайды. Содан кейінге шегерілген төлемдерді бір уақытта аударуға тура келеді. 

"Банктер жеңілдік мерзімі өткеннен кейін жиналған төлемдерді негізгі қарызға қосып қояды. Осылайша, қалған уақытта ай сайынғы төлемдер ұлғаяды. Кәсіпорындар онсыз да тығырыққа тіреліп отыр. Ал қызмет көрсету саласындағы табыстың көлемі бес-алты есеге азайған", – дейді Перуашев мәжілістің жалпы отырысында.

Осыған байланысты фракция үкіметке тағы депутаттық сауал жолдап, кредиттік келісімдердің мерзімін ұзартуға ұсыныс жасады. Сонда ай сайынғы төлемдердің мөлшері сақталады.

"Сондай-ақ банктерге кейінге шегерілген төлемдерді негізгі қарызға қосуға тыйым салу қажет. Ол үшін жай кредиттік төлемдерді шегеріп қоймай, кәдімгідей "кредиттік каникул" жариялаған дұрыс", – дейді депутат. 

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторындағы шағын және орта бизнестің несиелері бойынша төлемдерді шегеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906762-azat-peruasev-sob-nesieleri-boiynsa-tolemdi-keiinge-segerudin-tiimsiz-tusyn-atady/

pixel