Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция көлігінің капотына шығып суретке түскен алматылықтың басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Фото
Фото: Zakon.kz

Полиция көлігінің капотына шыққан Алматы тұрғыны жазаланды деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ұсақ бұзақылық ісі бойынша сот процесі аяқталды.

"Мегаполис тұрғыны бұзақылық әрекетімен полиция қызметкерлеріне деген құрметсіздігін көрсетіп, қызметтік көліктің капотына шығып суретке түсті, содан кейін ол фотоларды әлеуметтік желілерде таратты", делінген хабарламада.

Сот оны 2 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Еске сала кетсек, осыған дейін "Алтын Орда" автотұрағында екі азаматтың төбелескені бейнеленген видео тарады.

Кейінірек болған қырғынға қатысты базар әкімшілігі түсінік берген еді. Олар көлік тұрағына жауапты жұмысшылар пышақ алып жүреді дегенді жоққа шығарды.

Сондай-ақ, базар басшылығы мұндай жағдай қайталанбас үшін жүргізушілер өзімен тиын-тебен алып жүргендері дұрыс екенін айта кетті. Олардың мәліметінше, автотұрақты ақысыз жасау әзірге жоспарда жоқ. Модернизация жұмыстары бітсе, электронды терминал қондырғылары орнатылуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907032-policiya-koliginin-kapotyna-sygyp-suretke-tusken-almatylyqtyn-basy-balege-qaldy/

pixel