Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Опубликовано:

Монеты поддерживают купюру
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған топқа қатысты сот үкімі шықты. Unnity corporation ұйымын басқарған Қуаныш Жақсыбаев алты жарым жылға, ал оның тоғыз сыбайласы бес жылдан жаза арқалады деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл пирамиданың ісі осыдан төрт жыл бұрын әшкере болған.

Басшысы Қуаныш Жақсыбев елімізде жоқ мобильді қосымша ойлап тапқанын айтып 40 мыңға жуық адамнан ақша жинаған.

Ол жұртты көпшіліктен түскен табыстан дивиденд алып тұрасыңдар деп сендіреді.

Қаржы пирамидасы жетекшісінің алаяқтығы белгілі болған бойда қамауға алынып, екі жыл бұрын сотталған еді.

Кейін "ұйымды" жалғыз өзі емес, сыбайластарымен бірге құрғаны анықталып, тергеу қайта басталған.

Осы орайда Unnity corporation-ды ел бойынша насихаттап, аймақтардан адам тартқандар да жазасыз қалмады. Олардың алтауы – әйел. Сыбайластары Ақтөбеден бөлек, Павлодар, Алматы, Семей, мен Талғар қалаларының тұрғындары екен. Олардың 3 мыңнан астам салымшыны алдап тақырға отырғызып кеткені айтылды. 

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907044-aqtobede-qarzy-piramidasyn-qurgandar-sottaldy/

pixel