Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызыл" аймақта тұрған Қарағанды облысында 12 сәуірден бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Опубликовано:

дизинфекторлар11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында коронавируспен ауырғандар саны өсуде. Тек өткен аптада науқастар саны 1,7 есеге өскен. Осы орайда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 12 сәуірден бастап облыста карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

12 сәуірден бастап облыс бойынша келесі нысандардың қызметіне тыйым салынады:

  • Қарағандыда Ashyq пилоттық жобасы іске асырылатын нысандарды қоспағанда, ойын-сауық мекемелерінің (караоке, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, бильярд, боулинг орталықтары);
  • букмекерлік кеңселердің;
  • жабық үй-жайлардағы ойын алаңдарын, аттракциондарды қоса алғанда, балалар ойын-сауық орталықтарының;
  • банкет залдарының;
  • театрлар мен кинотеатрлардың, концерт залдарының, цирктің;
  • мәдениет үйлері мен мәдениет сарайлары, сондай-ақ олардағы дайындықтарға (бұл ретте кітапханалар мен мұражайларда жұмыс істеуге рұқсат етілген, алайда келушілер саны 30 адамнан аспауы тиіс);
  • жалпы білім беретін мектептерде орналасқан секциялар мен үйірмелердің қызметіне тыйым салынады.

Сабақтан тыс уақытта оқушылармен жеке сабақтар өткізуге рұқсат етілмейді. Оқушыларды СOVID-19 бойынша жағдайы нашар өңірлер мен елдерге халықаралық жарыстар мен олимпиадаларға жіберуге рұқсат жоқ. Экскурсияларға тыйым салынған.

Сонымен қатар ойын-сауық және бұқаралық іс-шараларға, форумдарға, конференцияларға, көрмелерге, жәрмеңкелерге және т. б. тыйым әлі де жалғасуда.

Сенбі және жексенбі күндері келесі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалына рұқсат етілмейді: Қарағанды – Теміртау – Қарағанды; Қарағанды – Саран – Қарағанды; Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды; Қарағанды – Абай – Қарағанды; Қарағанды – Шахан – Қарағанды; Қарағанды – Топар – Қарағанды.

Еліміздің басқа өңірлеріне және облыс ішінде тұрақты емес туристік автотасымалдарға толық тыйым салынады.

Жаттығу залдары мен фитнес-орталықтарға, бассейндерге, сұлулық салондарына бару үшін алдын-ала жазылу қажет.

Сенбі және жексенбі күндері облыс бойынша келесі нысандар жабық болады:

  • сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, көтерме-тарату орталықтары, азық-түлік емес тауарлары бар ауданы 2000 шаршы метрден асатын дүкендер (азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік павильондарын және олардағы дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштарды қоспағанда);
  • фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорт кешендері;
  • сауналар, бассейндер, СПА-орталықтар, массаж салондары (Қарағандыда Ashyg пилоттық жобасы іске асырылатын нысандарды қоспағанда);
  • жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес).

Ашық ауадағы (азық-түлік және азық-түлік емес) базарлардың жұмысы тек жексенбі күндері ғана тоқтатылады.

Супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс кестесі: таңғы 7.00-ден 24.00-ге дейін. Барлық келушілер маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сынды талаптарды сақтау қажет.

Қоғамдық тамақтану нысандарына сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Азық-түлікті жеткізу және алып кетуге уақыт шектеуі қойылмайды.

Мейрамханалар мен дәмханаларда банкеттер, тойлар, еске алу және басқа да ұжымдық және естелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Мектептерде оқыту аралас форматта болып қала береді. Тек 6, 7 ,8, 10 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Балабақшаларда саны 15 адамнан аспайтын кезекші топтар ғана жұмыс істейді.

Мемлекеттік ұйымдар мен жеке кәсіпорындарға өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкерлердің кемінде 80 пайызын қашықтықтан жұмыс форматына көшіру ұсынылады.

Сондай-ақ облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тұрғындарды алдағы қасиетті Рамазан айында санитарлық-карантиндік талаптарды сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907204-qaragandy-oblysynda-12-sauirden-bastap-sekteu-saralary-kuseitiledi/

pixel