Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда арнайы жасақ "ғимаратты шабуылдады": ҰҚК видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулар
Фото: ҰҚК ресми сайты

Жақында әлеуметтік желілерде Ақтауда әскери киімдегі адамдардың "ғимаратты шабуылдаған" сәтінен видео тарап кетті. ҰҚК аталған өңірде бүгінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі оқу-жаттығулар өткізіліп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күні кеше бірнеше бейнежазба Instagram желісіндегі aktau.911 парақшасында пайда болды. Видеодан сарбаздардың ғимаратты шабуылдап жатқанын көруге болады. Оған қоса онда атыстың дыбыстары естіледі.

Анықталғандай, "арнайы операцияға" қатысқандардың басында GoPro камералары орнатылған.

Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулар
Фото: ҰҚК ресми сайты

ҰҚК қазіргі таңда Маңғыстау облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың күш-құрылымдарының қатысуымен оқу-жаттығулар өткізіліп жатқанын хабарлады.

Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулар
Фото: ҰҚК ресми сайты

Терроризмге қарсы қорғалудың жай-күйін тексеру мақсатында жекелеген мемлекеттік және әскери объектілерде имитациялық құралдар пайдаланылуда.

Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын шектеу бойынша шаралар қарастырылған.

"ҰҚК Маңғыстау облысының тұрғындарына сабырлық танытуды, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және қажет болған жағдайда құқық қорғау және күштік органдарға көмек көрсетулерін сұрайды" , - делінген ҰҚК хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907249-aqtauda-arnaiy-zasaq-gimaratty-sabuyldady-uqk-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel