Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жедел жәрдемнің" тежегіші істен шыққан: Алматыда жаппай жол апаты болды

Опубликовано:

Жедел жәрдем қатысуымен болған жол апаты
Фото: Sputnik / Стрингер

Алматыда жедел жәрдемнің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.

Sputnik Қазақстан басылымының хабарлауынша, жол апаты Райымбек және Сайын даңғылдарының қиылысында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, көпірден түсіп келе жатқан жедел жәрдем көлігінің тежегіші істен шығып, бар жылдамдықпен кептелісте тұрған Mercedes-ке соғылған.

Жол апатынан зардап шеккен көлік
Фото: Sputnik / Стрингер

Мерседес қатты екпінмен алға қарай ұшып түсіп, Toyota көлігін соққан, жолай Hyundai-ға да тиіп өткен. Toyota жүргізушісі де алға жылжып, Nissan автокөлігін соқты.

Жол апаты салдарынан екі адам – ​​жедел жәрдем фельдшері мен Mercedes жүргізушісі жарақат алды. Екеуі де түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907255-zedel-zardemnin-tezegisi-isten-syqqan-almatyda-zappai-zol-apaty-boldy/

pixel