Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Толық локдаунға оралуды қаламаймыз": Цой елдегі коронавирус жағдайы қашан өзгеретінін айтты

Жарияланған күні:

Алексей Цой
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды. Әзірге қарқыны жаман емес. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚазАқпаратқа берген сұхбатында адамдарды жаппай иммундау қалай өтіп жатқаны, халыққа қандай вакциналар қолжетімді болатыны, қолданылатын иммундық препараттардың қаншалықты қауіпсіз екендігі туралы баяндады.

"Алдағы күндері, тіпті бір айда жағдайдың өзгеретінін күтудің қажеті жоқ. Азаматтардың негізгі бөлігі 2-3 ай ішінде вакциналанғаннан кейін біз эпидемиологиялық жағдайдың саябыр тапқанын сезетін боламыз.

Вакцинация, әрине, өз әсерін береді, бірақ бұл ұжымдық иммунитет пайда болған кезде, шамамен күзге жақын болады", – деді Цой.

Ол ауру жұқтыру деңгейін төмендету үшін, ең алдымен, "бәріміз білетін, алайда, өкінішке орай, бәрі бірдей ұстанбайтын" стандартты ережелерді – маска тағу, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, қоғамдық шаралар және тағы басқаларынан қатысудан бас тарту қажет екенін атап өтті.

"Біз толық локдаунға, қалаларды жабу сияқты жағымсыз шараларға қайта жүгінгіміз келмейді.

Радикалды шаралар әрдайым тиімді және оларға оралу арқылы біз жағдайды тезірек өзгертеміз. Бірақ бизнестің және жалпы экономиканың мүдделерін ескере отырып, айтарлықтай зардап шеккен, инфекцияның берілу тізбегін ішінара бұзуға мүмкіндік беретін балансты тапқандаймыз. Алайда, оның әсері толық локдауннан гөрі баяу сезілуде", – дейді министр.

Министр қазақстандықтардың екінші жыл бойы карантиндік шектеулермен өмір сүріп жатқанын еске салды. Оның айтуынша, адамдар қазірдің өзінде жұқпалы аурудан сақтанудан да жалыққан.

"Бұл індеттің ауыртпалығын, қатарымызды сирететінін және вакцина бізге не беретінін түсінуіміз керек. Біз екінші жыл шектеулер жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Адамдар аттап басқан сайын инфекциядан сақтанудан шаршады. Бірақ, тағы да қайталаймын, бұрынғы өмірге оралудың жалғыз шарты – бұл вакцинация арқылы иммунитет қалыптастыру. Тек вакцина ғана бізге қозғалыс еркіндігін қалпына келтіруге және кең тыныстауға мүмкіндік береді", – дейді Цой.

Министр, сонымен қатар, вакцина салдырғандардың денсаулығында нашарлау байқалған жағдайлар байқалды ма деген сұраққа жауап берді. Кейде осындай фактілер кейде әлеуметтік желілерде және кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында кездеседі.

"Ресми деректер бойынша, егілгендердің 0,8% катаралды синдром, дене температурасының жоғарылауы, ине салған жердің ауырсынуы сияқты күтілген реакциялар тіркелген. Бірақ келесі күні-ақ оның ізі қалмайды. Вакцинамен байланысты басқа реакциялар расталған жоқ.

Әлеуметтік желілерде дау тудыратын ақпарат, фейк өріп жүр. Мұның бәрін кім тарататыны және қандай мақсатпен істейтіні белгісіз.

Мен бұл туралы бірнеше рет айттым және қайталай алам: ақпараттық арандатуға сенбеңіздер. Ресми тексерілген мәліметтер бар, тек соларға сену керек", – деді Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907296-tolyq-lokdaunga-oraludy-qalamaimyz-coi-eldegi-koronavirus-zagdaiy-qasan-ozgeretinin-aitty/