Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан мен Алматының сауда-ойын-сауық орталықтарында вакцина салдыру басталды (фото)

Опубликовано:

Вакцинация
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы сауда және ойын-сауық орталықтарында және базарларында қалалық емханалардан вакцинация пункттері ашылды.

Алматыдағы вакцинация

Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша бүгін қалада сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарларда егу пункттері ашылды. Олар өз жұмыстарын сағат 10.00-де бастады, екпе салу жазба бойынша жүргізілді.

"MOSKVA Metropolitan ойын-сауық орталығы жұмыс істемесе де, егу пункті қызметін бастады. Күзет қызметіндегілер ғимаратқа тек вакцинацияға алдын ала жазылғандар мен шақырылғандарды кіргізеді, ол үшін қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне ескерту жеткілікті", – деді әкімдікте.

MOSKVA Metropolitan
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Медицина қызметкерлері сағат 10.00-ден бастап, сағат 20.00-ге дейін алматылықтарға екпе жүргізуді жалғастырады.

Дәрігерлер Алматы қаласының №16 емханасына тіркелген азаматтарға алдын ала қоңырау шалды, сондай-ақ E-Gov арқылы вакцинация алуға жазылғандар да бар.

Вакцина салдыру сәті
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Вакцина салдыру сәті
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Төрт сағат ішінде дәрігерлер 50-ге жуық адамға екпе салды, вакциналау қарқынды жүруде., вакцинация қызу жүріп жатыр. Оның үстіне, екпе алуға тілек білдірушілер көп.

Коронавирустан екпе алған ең жас адамның жасы 18-де болса, жасы ең үлкені - 87 жастағы қарт әже.

"Егу пунктінде 2 терапевт дәрігер мен медбикелер жұмыс істейді, адам саны көп емес, бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған, кезегін кұтушілер бір-бірінен алшақ отырғызылады.

Барлығы алдын ала тіркеуден, содан кейін дәрігердің қарауынан өтеді, содан кейін қарсы көрсетілімдер болмаса, пациентті емшара кабинетіне жібереміз", – деп түсіндірді алгоритмді Гүлдана Төлешова.

Вакцина салдыру сәті
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, вакцинаны 1-9 сәуір аралығында қалада барлығы 57810 адам қабылдаған. Оның ішінде 13 857-сі вакцинаның екі компонентін де алды, өткен тәулікте 8 650 азамат вакцина салдырған.

Бұған дейін Алматыда COVID-19-қа қарсы вакцинацияға қалай жазылуға болатыны және қай жерде өтетіні туралы жазған болатынбыз.

Нұр-Сұлтандағы вакцинация

Бұгін елордалық Mega Silk Way СОО-да коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, вакцинаның бірінші компонентін СОО қызметкерлері, бутиктерді жалға алушылар, сатушылар және орталық қызметкерлері алды.

Вакцина салдыру сәті
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан басқа, тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау алдын ала жазылу арқылы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында, яғни емханаларда, отбасылық денсаулық орталықтарында, дәрігерлік амбулаторияларда және т.б. орындарда жүзеге асырылады.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайды. Олардың жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Вакцинаны алуға egov мобильдік қосымшасы арқылы немесе 109 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.

"Бүгін тестілік режимде СОО қызметкерлерін вакцинациялай бастадық. Мұнда шамамен 100 адам бар. Вакцинациядан бұрын олардың бәрі дәрігерлердің міндетті медициналық тексеруінен өтті. Ал СОО-да бригадалар кезекшілік етеді. Вакцинацияға рұқсат берілгендер егіледі", — деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Вакцина салдыру сәті
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ол СОО-да қала тұрғындарын жаппай вакцинациялау қашан басталатынын қозғап өтті.

"Бүгін қалалық санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша СОО келушілер үшін жабық. Сол себепті дүйсенбіде СОО-да орналасқан егу орталығы тұрғындарымызды да, орталыққа келушілерді де вакцинациялай бастайды", – деді Рүстемова.

Қажет болған жағдайда халықты вакцинациялау пунктері бірқатар СОО мен қонақүй кешендерінде ашылатын болады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта елордада вакциналардың жеткілікті мөлшері бар. Сәуір айының соңына дейін Нұр-Сұлтанға 250 мыңнан астам доза келеді. Жалпы, әр апта сайын денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына "Спутник V" жаңа партиясы келіп түседі.

Вакцина салдыру сәті
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы 26 мыңнан астам адам екпе алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907310-nur-sultan-men-almatynyn-sauda-oiyn-sauyq-ortalyqtarynda-vakcinaciya-saldyru-bastaldy-foto/

pixel