jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаңа рекорд: Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2842-ге дейін өсті

Індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 2842 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 591

Алматы қаласы - 709

Шымкент қаласы - 88

Ақмола облысы - 103

Ақтөбе облысы - 202

Алматы облысы - 355

Атырау облысы - 131

Шығыс Қазақстан облысы - 60

Жамбыл облысы - 49

Батыс Қазақстан облысы - 127

Қарағанды облысы - 210

Қостанай облысы - 33

Қызылорда облысы - 42

Маңғыстау облысы - 30

Павлодар облысы - 42

Солтүстік Қазақстан облысы - 46

Түркістан облысы - 24.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 269 519-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 1222 адам індеттен жазылып шыққан.

Қазір елімізде 32 899 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 12 003 пациент стационарда, 20 896 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Сондай-ақ 546 адамның жағдайы ауыр, 163 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 9 сәуірдегі мәлімет бойынша 102 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған, 159 адам жазылып шыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 51 362 адам ауырып, 727 науқас қайтыс болған. 49 977 пациент жазылған.

Айта кетейік, бүгінгі таңда 2 қала мен 6 облыс коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Жаңа рекорд: Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2842-ге дейін өсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.