Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында онлайн дәріс беріп жүрген 82 жастағы әжейге жұрт сүйсінді

Жарияланған күні:

Кадр
Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы

Алматы облысында мессенджерлердің тілін меңгеріп алған әжей оқушыларға онлайн дәріс оқып жүр. 82 жастағы Ақылия Бекбаева заман көшінен қалмауды жөн көрген деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы

Қарасай ауданының тұрғыны Ақылия Бекбаева 60 жыл ғұмырын білім саласына арнаған.

Қазақ тілі мен әдебиеттен сабақ берген мұғалім осы уақытқа дейін талай түлекті білім ордасынан ұшырыпты. Алайда, өзі де ешқашан ізденуден, зерттеп, оқудан жалықпаған. Қазіргі қысылтаяң уақытта заманауи технологияны да меңгеріп оқушыларына күнделікті дәрісін онлайн түрде беріп жүр.

Қыркүйектен бері оқушыларын тек компьютердің сыртынан көріп, межеленген уақыттың ішінде барлығын түсіндіруге тырысатын ұстаз әуел баста талай қызықты жайттарға да тап болғанын жасырмайды.

Айтуынша, технологиямен жұмыс істеген кезде артық сөздерді тию қажет.

"Мынау технологияны пайдаланып отырғанда бір артық сөз де кетіп қалуы мүмкін. Оны кейін өзің тыңдасаң ұялып қаласың", - дейді қарт ұстаз.

Дегенмен Ақылия Бекбаева әрбір оқушыны шынайы көріп, әңгімелескенге ештеңе жетпейтінін айтады. Тіпті, оларға деген сағынышын да жасыра алмады.

"Қатты сағындым, әрқайсының көзін көргім келеді, сөзін естігім келеді. Сағынғандығым сонша, кейде үйде сабақ оқытып жатқанымда көзіңе жас та келеді", - дейді ол.

Айта кетейік, Ақылия Бейбаева Абайды зерттеп, ұлы ақынның еңбектерін оқушыларға таныстырып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907451-almaty-oblysynda-onlain-daris-berip-zurgen-82-zastagy-azeige-zurt-suisindi/