jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Адам өліміне әкелген жол апаты: Павлодарда BMW X5 тізгіндеген қыз сотталды

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: Куәгерлер

Павлодарда BMW X5 көлгімен жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі егде жастағы әйелді қағып кеткен 29 жастағы қызға сот үкімі оқылды. Жол апатынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі №2 қалалық сотқа сілтеме жасап.

Жол апаты кешкі сегіз жарым шамасында болған. Екі зейнеткер әйел "зебра" бойынша жолдан өтіп бара жатқан. Мұны көрген жүргізуші-қыз дер кезінде әрекет ете алмапты.

Салдарынан екі әйел де көліктің астына түскен. Оларды ауруханаға жеткізгенімен, 63 жастағы әйел алған жарақатынан қайтыс болған.

Полицейлер қылмыстық іс ашқан. Жүргізуші де өз кінәсін мойындаған. Жол апатынан кейін ол көліктен шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан.

Бүгін қалалық сотта 29 жастағы қызға сот үкімі оқылды. Жүргізуші кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын қоныстану колониясында өтейді.

Сондай-ақ ол 5 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 4 млн теңгеден астам сомада келтірілген шығынды өтеуге міндеттелді.

№2 қалалық соттың судьясы Жанар Тұрлыбаева сотталушының кішкентай баласы мен қарт анасын қыздың туыстарына қамқорлыққа беру туралы да қаулы шығарған.

Айта кетейік, бұл оқиға 2020 жылдың қараша айында орын алған болатын. Куәгерлер оқиға орынан кадрларды жария еткен еді.

Еске сала кетсек, Алматы облысында екі жүк көлігі мен бір жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол апатынан 46 жастағы ер адам қайтыс болып, тағы бір әйел ауыр жарақат алған болатын.

Адам өліміне әкелген жол апаты: Павлодарда BMW X5 тізгіндеген қыз сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.