Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған фермер әлі табылмай жатыр

Жарияланған күні:

Ер адам11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында бірнеше күн бұрын із-түзсіз жоғалған фермер іздестіріліп жатыр. Нұрлан Сүлейменовтің көлігі Нұра өзенінің түбінен табылған. Алайда аудан мәслихатының экс-депутаты ұшты-күйлі жоқ деп хабарлайды КТК телеарнасы.

62 жастағы шаруа қожалығының иесі өткен бейсенбіде көрші ауылға жұмыстарымен кеткен. Ертеңіне хабар ошар болмаған соң іздеу жұмыстары басталған.

Іздеуге сүңгуірлер тартылып, тікұшақ та қосылған. Алайда әзірге нәтиже болмай тұр.

Жергілікті тұрғындар көлікті жазықтан еріп аққан қызыл су алып кетті деп болжайды. Ал құтқарушылар тасқын кәсіпкер жоғалғаннан соң екі күннен кейін болғанын айтады. Десе де, көлік арнасынан асқан Нұра өзенінің түбінен табылып отыр.

"Көліктен ешкім табылған жоқ, бірақ алдыңғы сол жақ терезесі мен артқы сол жақ терезелері ашық. Қазір сол жерде құтқарушылар, сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр: сегіз адам, үш қайық және екі техника. Іздеу жұмыстары жалғаса береді", - дейді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлда полицейлер мен еріктілер 22 жастағы аруды іздестіріп жатқанын хабарлаған едік.

Полицияның мәліметінше, 1998 жылы туған Елизавета Мюнхина 3 сәуірде үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Оның белгілері: арықша келген, бойы шамамен 166 см, шашы ұзын, қызғылт-қоңыр түсті, көзі қоңыр түсті. Жоғалған күні үстінде капюшоны бар қара куртка, қою көк түсті шалбар, аяғында көк түсті галош болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907582-qaragandy-oblysynda-iz-tuzsiz-zogalgan-fermer-ali-tabylmai-zatyr/