Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 22 жастағы қыз тоғыз күннен бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Жолда тұрған қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда полицейлер мен еріктілер тоғыз күн бұрын жоғалып кеткен 22 жастағы қызды әлі іздеп жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 1998 жылғы Елизавета Матюхина 3 сәуірде жоғалып кеткен. Бойжеткен күндіз он екілер шамасында Уәлиханов көшесінде орналасқан үйден шығып, сол күйі оралмаған.

Жоғалған қыз
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Қыздың белгілері: арықша келген, бойы шамамен 166 см, шашы ұзын, қызғылт-қоңыр түсті, көзі қоңыр түсті. Жоғалған күні үстінде капюшоны бар қара куртка, қою көк түсті шалбар, аяғында көк түсті галош болған.

Полиция қыз туралы қандай бір ақпарат білетін адамдардан 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Хабар-ошарсыз кеткен тұрғынды еріктілер де іздестіріп жатыр.

"Бүгін Елизаветаны іздеу жұмыстарын тағы жалғастырдық. Көптеген ауданды араладық, тұрғындардан сұрастырдық, хабар бердік. Кімде кім Лизаға ұқсайтын қызды кездестірсе, бірден хабарласуды өтінеміз", - деді еріктілер әлеуметтік желіде.

Қыздың белгілері көрсетілген қағаздар қаланың бүкіл көшелеріне ілінді.

Айта кетейік, осыған дейін Риддерде жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылғанын жазған едік. Қаланың полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер және қамқор тұрғындар екі жасар баланы түні бойы іздеген болатын. Соңында баланың мәйіті табылған соң іздеу тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907551-petropavlda-22-zastagy-qyz-togyz-kunnen-beri-tabylmai-zatyr/

pixel