Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Саин - Мөңке би қиылысында жаңа жолайрық салынбақ

Опубликовано:

фото
фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда Саин-Мөңке би көшелерінің қиылысында жаңа жолайрық пайда болады. Құрылыс биыл басталуы мүмкін. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мөңке би мен Саин көшелері қиылысында салынатынын жолайрықтың құрылысы осы жылы басталуы мүмкін.

Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжат дайын екенін жеткізді.

"Бұл көшелер (Мөңке би мен Саин - ред.) Үлкен Алматы айналма автожолына шығатын радиалды жолдар. Сол себепті оған шығатын екі үлкен магистральда көлік жүктемесі болмас үшін жолайрық салу жоспарланды", - деді ол.

Сондай-ақ, екі жолақты жергілікті өтпе жолдар құрылысы жоспарланған. Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынады.

Айта кетейік, осыған дейін Саин көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907741-almatydagy-sain-monke-bi-qiylysynda-zana-zolairyq-salynbaq/

pixel