Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда көліктің үстіне балкон опырылып түсті (фото, видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: куәгерлер

Бүгін Көкшетауда күндізгі сағат үштер шамасында 5-қабаттағы пәтердің балконы құлады. Құтқарушылар мен полиция оқиға орнына жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Кенесары көшесі, 25-үйдегі бес қабатты тұрғынүйде болған.

Бүгін түскі ас уақытынан кейін балкон бесінші қабаттан құлады. Қуанышқа орай, сол жерде өтіп бара жатқан адамдар болған жоқ. Бірақ үйге жақын тұрған Mercedes маркалы микроавтобусы зардап шекті. Кірпіштің сынықтары көлікке түскен.

Оқиға орны
Фото: куәгерлер

Келген зақымды комиссия анықтайды. Оқиға өтіп бара жатқан адамдардың назарын жылдам өзіне аударды. Аумақты мекенжайға келген құтқарушылар мен полиция қоршауға алды. Жедел жәрдем станциясына қоңыраулар түскен жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде атап өткендей, он төрт қызметкер мен үш арнайы техника сол жерде жұмыс істеді.

Көкшетау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, балконның құлауының ықтимал себебі жыл өткен сайын құрылымға әсер еткен еріген сулар болуы мүмкін. Алайда, тексеру нәтижелері бойынша нақты баға беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907747-koksetauda-koliktin-ustine-balkon-opyrylyp-tusti-foto-video/

pixel