Тұман, найзағай, жел: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Опубликовано:

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.
14-15 сәуірде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Петропавл қаласында 14 сәуірде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
14 сәуірде Ақмола облысында кей жерлерде тұман болады деп болжануда.
14 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Шымкент қаласында 14 сәуірде күннің соңында найзағай болады.
Түркістан қаласында 14 сәуірде күннің соңында найзағай болуы мүмкін.
14 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
14-16 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, найзағай күтіледі. 14-16 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қаласында күндіз 15 сәуірде найзағай күтіледі. Күндіз 14 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907762-tuman-naizagai-zel-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/