jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің карантин талаптарын күшейту туралы жаңа қаулысы шықты. Өңір 8 сәуірден бастап коронавирустың "сары" аймағында орналасқан. Құжат облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Қаулыда адам көп жиналатын діни, мерекелік, спорттық, мәдени, конференциялар, семинарлар, көрмелерді және өзге шараларды өткізуге тыйым салынатыны айтылған.

Одан бөлек, ұжымдық ауызашар өткізуге болмайды.

Сондай-ақ, боулинг, компьютерлік клубтардың, түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне, қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Шектеулермен және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы алдын алу жазылу бойынша топты 15 адамнан артық толтырмауы тиіс.

Қоғамдық көлік, банктер, ХҚКО, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Ұйымдар, офистердің жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен рұқсат етілді.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істейтін болады. Сауналар (жексенбіден басқа) 30 адамға дейін, мәдениет объектілерінің толтырылуын 20%-дан артық емес етіп театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысына рұқсат беріледі.

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.