Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танысының көлігін ұрлап, сатып жіберген ақмолалық ұятқа қалды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысының полицейлері танысының көлігін ұрлап, сатқан күдіктіні анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, осы жылдың 4 сәуірінде Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 29 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түскен.

Оның сауда үйінің тұрағында тұрған “Volkswagen Passat Б-5” маркалы көлігін ұрлап кеткенін хабардар еткені айтылды.

Шығын 1 250 000 теңгені құраған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары осыған дейін бірнеше рет істі болған, Көкшетау қаласының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұрланған көлікті тапты.

Күдікті жәбірленушінің танысы бола тұра, ТҚС-да кепілде болған автокөлігіне техпаспортты сатып алғаны және алдау жолымен автокөлікті үшінші тұлғаға сатқан.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге қатысты іс жүргізу “келу міндеттемесі” мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907821-tanysynyn-koligin-urlap-satyp-zibergen-aqmolalyq-uyatqa-qaldy/

pixel