Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық мұнайшылар бес жұп аққуды құтқарып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Аққу
Фото: "Ақ Жайық" басылымы

13 сәуірде әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданының Қошқар кен орнындағы мұнайлы сорда тұрып қалған ақ аққулар туралы ақпарат пайда болды. Сонымен қатар, жергілікті мұнайшылардың осы құстарға көмек көрсеткені туралы фото және бейнежазба да тарады.

Видеоның бірінде кадр сыртындағы дауыс "Тұздан қанаттары жабысып қалған аққулар ұша алмай тұр. Лугзана, оларды сіз алып кетіңіз" дейді.

Көп ұзамай "Ақ Жайық" басылымы белгілі зоотехник-волонтер Лугзана Байлауоваға хабарласқан. Оның айтуынша, бұрғылаушылардың бірі оған аққулар туралы хабарлап, оларды құтқаруды өтінген екен.

Аққу
Фото: "Ақ Жайық" басылымы
"Мен бүгін сол жерге барып, бұл туралы әлеуметтік желіде жаздым. Олар түнде судың қандай екені көрінбейтін кезде ұшып келген шығар. Түні бойы лас тұзды суда болып, содан зардап шеккен шығар. Жұмысшылар оларды көріп, бірден шығарып алып, су берген. Қазір аққуларға оңалу керек және таза өзен суы қажет. Алдымен жұмысшылар 2 аққуды көрген, кейін тағы 3, сосын одан да көбейген. Барлығы 12 аққу табылды, бірақ, өкінішке қарай, екеуі опат болды. Қалғандары - бес жұп, аналық және аталық аққулар",- дейді Лугзана.
Аққу
Фото: "Ақ Жайық" басылымы

"Ембімұнайгаз" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, құстарды "ҚазМұнайГаз-Бұрғылау "Сервистік бұрғылау кәсіпорны" ЖШС мердігерлік компаниясының қызметкерлері құтқарған.

"Ембімұнайгаз" аумақтық жануарлар дүниесі инспекциясының бастығы Нұрлан Иманғалиевтің өтініші бойынша қазір Қошқар кен орнынан Соколок өзеніне дейін аққуларды тұщы суға, яғни табиғи мекендеу ортасына тасымалдауды қамтамасыз етеді", - деп хабарлайды ЕМГ баспасөз қызметі.
Аққу
Фото: "Ақ Жайық" басылымы

"Біз таңертең сор жағалауында ұшып кете алмай жүрген екі аққуды көрдік. Біз оларды құрлыққа шығардық, бірақ ұшып кетпеді. Содан кейін олардың қанаттарында  тұз қатып қалғанын байқадық. Оларды жуындырып алсақ, айналамызға тағы да аққулар жиналып қалды. Барлығы 12 болды.

Бірақ біреуі өлген, ал екіншісі оны құрғақ жерге апарғаннан кейін опат болды. Енді тағы біреуі қиналып тұр, таңертеңге дейін шыдаса жақсы деп қорқып отырмын. Мен оларға мезгіл-мезгіл су бүркіп қоямын. Көлік бір сағат ішінде келеді деді, әйтпесе жануарлар дүниесі инспекциясындағылар бізге тек ертең таңертең келе алатынын айтты", - деді аққуларды құтқаруға атсалысқан № 4 бұрғылау бригадасының бастығы Ринат Тоқтабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907856-atyraulyq-munaisylar-bes-zup-aqqudy-qutqaryp-qaldy-foto-video/

pixel