Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"257 миллионнан айырылдым": Шендінің баласынан алданған әйел жанайқайын айтты

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Халықаралық компанияда 25 жылдай қызмет атқарып, жиған тергенінен бір күнде айырылған алматылық келіншек жанайқайын айтты деп хабарлайды Nege.kz.

Басылым мәліметінше, халықаралық компанияда 25 жылдай қызмет атқарып, жиған тергені бір күнде алаяққа жем болған Алтынай дәл қазір хостельді паналап жүр.

Ол сот табалдырығын тоздырудан басқа амалы қалмағанын жеткізді.

Алматылық келіншектің сөзінше, 8 жылдан бері сеніміне енген Олжас атты досы 257 миллионды қолды қылып, жалған келісімшарттармен алдап кеткен.

Қырғызстаннан картоп өнімін әкеліп ірі сауда орындарына тарату арқылы қомақты табыс табуға шақырып, алдаған күдікті бүгінде қамауға алынған.

Алайда Алтынай тергеу ісінің баяу жүріп жатқанына наразы екенін ашық білдірді.

"Күдіктінің әкесі белді азаматтардың бірі болғандықтан, Олжаспен де арадағы сегіз жылдық таныстығымызға сеніп ақшаны еш ойланбастан қолына ұстатып едім", – деді ол. 

Өмірлік жиғаным мен екі пәтерімнің ақшасы далаға кетті деп жан ұшырған келіншек бар өмірі сот орындаушылары мен тергеушілердің қолында екенін жасырмады.

Ол материалдық шығын өтеліп, алаяқ тиісті жазасын алса, көңіл орнына түсетін еді деп отыр. 

Айта кетейік, басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Олжас Сыдықов 25 жыл Сенат аппаратында басшылық қызмет атқарған, қазіргі Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың ұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907865-alayaqqa-arbalgan-kelinsek-omirlik-zigan-tergenim-dalaga-ketti/