Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте маңызды деп санаймын": Бекболат Тілеухан ұрығын сататындар туралы

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Қазақстан бойынша аталық және аналық ұрықтың бірыңғай базасын құруды және бір реттен артық донор болуға тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, мәжіліс депутаты премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында ұрық доноры проблемасын көтерген.

"Заң бойынша 35 жасқа дейінгі ер адам анонимді түрде донор бола алады. Дені сау, дене бітімі қалыпты дамыған, генетикалық сараптамасы жақсы болса, аталық ұрығын тапсыра алады. Қанша рет тапсырасыз өз еркіңіз. Шектеу жоқ. Анкетада жүзі, руы, бойы, салмағы, мамандығы көрсетіледі, болды. Каталогтан көңіліңізге қонғанын таңдап аласыз, бітті", – деді Бекболат Тілеухан.

Ол статистика бойынша жыл сайын тек бір ғана клиникада дәл осы жолмен 70 бала дүниеге келетінін атап өтті.

"Бұл – ертең еліміздің түкпір-түкпіріндегі 20 отбасыда бір әкеден тарайтын 20 ұл-қыз бойжетіп, ержетіп шығады деген сөз. Одан көп болуы да мүмкін. Бір әкеден тараған жандардың бір-біріне үйленуінің алдын алу үшін, ауру балалардың санын азайту үшін бұл мәселе өте маңызды деп ойлаймын", – деді халық қалаулысы.

Осыған байланысты Бекболат Тілеухан болашақ ұрпақтың денсаулығын  сақтау мақсатында Қазақстан бойынша аталық және аналық ұрықтың жалғыз бір базасын құруды ұсынды.

Депуатттың сөзінше, донорлар да тек сол орталыққа тапсырып, барлығы тек сол орталықтан ғана алып отыруы керек.

Бұдан бөлек, депутат бір реттен артық донор болуға рұқсат етпеу керек деген пікірде. Сонымен қатар бір донордың ұрығын екі адамнан артыққа қолданбауды, барынша ашықтықты сақтауды қатаң түрде реттеуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907883-ote-manyzdy-dep-sanaimyn-bekbolat-tileuxan-urygyn-satatyndar-turaly/

pixel